русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 02.09.2021

ШЕНЕУНІКТЕР МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАЗАРТУ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУҒА БӨЛІНГЕН 200 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРДЫ

Маңғыстау облысында су тазарту қондырғысын салуға қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 2017 жылы "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" ММ мен мердігер ұйым арасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға ауылында 477,6 млн теңге сомасына су тазартқыш ғимараты мен кентішілік су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды. Сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыстар сомасы 203,6 млн теңгені құрайды.
Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өңірдің құрылыс басқармасының басшысы, Бейнеу құрылыс бөлімінің басшысы және мердігер компанияның бас директоры су құбырына 200 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары