Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 02.09.2021
ЕКІБАСТҰЗДА СОРҒЫ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ӨРТ САЛДАРЫНАН ТЖ ЖАРИЯЛАНДЫ
Сәтпаев атындағы арнаның филиалына тиесілі Екібастұздан 35 шақырым жерде орналасқан № 2 сорғы станциясындағы өрттен жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды. Апат толық жойылғанға дейін жағдай тұрақты бақылауда.
Өрт сорғы станциясында кернеудің бірнеше рет түсуіне байланысты болды. Алдын-ала шығын сомасы шамамен 270 миллион теңгені құрады. Жөндеу жұмыстары шамамен 10 күнді алады.
Су қоймаларында су қоры Екібастұз өңірінің тұтынушыларына Ертістен қосымша су тартпай тағы 21 күн су жіберуге болады. Екібастұз өңірінің тұтынушылары тұтынатын судың орташа көлемі айына 1,7 миллион текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта су қоры 17 миллион текше метрді құрайды, яғни тұтынушыларға су берудің бұзылу қаупі жоқ, 5-6 айға су қоры жеткілікті.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты