Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.09.2021
ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСУ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не Түркістан және Кентау су арналарының өкілдері келді. Сапардың басты мақсаты-суды есепке алу тәжірибесін зерттеу, шығындарды анықтау және олармен күресу.
Түркістан соңғы уақытта облыс орталығының барлық қырларына ие болды. Тұрғындар саны өсуде, жаңа тұрғын үй массивтері тез салынуда, демек, су тұтыну да өсуде. Су құбыры және кәріз желілері кеңейтіліп, оларды жаңғырту жүргізілуде. Қазіргі уақытта Түркістанда 34 мың, ал Кентауда 23 мың сумен жабдықтау және су бұру қызметін тұтынушы тіркелген.
Сонымен қатар, бірқатар қиыншылықтар да бар. Олардың бірі-судың үлкен шығыны, бұл суды есепке алу жүйесін ретке келтіру, есепке алу құралдарын: су өлшегіштерді және шығын өлшегіштерді орнату қажеттігін білдіреді. Тек осылай ғана шығындарды анықтап, оларды жоюға болады. Олай болмаған жағдайда, сумен жабдықтау ұйымдары шығынға ұшырайды және қолда бар қуаттарды одан әрі дамыту мен жөндеуге қаржы қаражатын инвестициялай алмайды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де Түркістан және Кентау қалаларынан келген мамандар Халықпен жұмыс істеу қызметінің жұмысымен танысып, оларға дилерлік қызметтердің жұмысы, көрсеткіштерді алу және деректерді кәсіпорын базасына беру тәсілдері туралы айтып берді. Сапалы және жылдам есептеу үшін, тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, қонақтар автоматты басқару жүйелері бөлімінде болып, оларға Шымкент кәсіпорнында қолданылатын биллинг жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтылды және орталық диспетчерлік қызметінің жұмысымен таныстырды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы Түркістан мен Кентауда сапалы сумен жабдықтау және су бұрудың тұрақты және жұмыс істейтін жүйесін құру үшін, әріптестеріне барлық қажетті көмекті көрсетеді.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты