Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 05.09.2021
2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ЕЛІМІЗДІҢ ХАЛҚЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды.
Өнеркәсіп саласындағы тапсырмаларды орындаудың негізгі тетіктері туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сөз сөйледі. Министрдің айтуынша, Халық 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қамтамасыз етілмеген 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысын жалғастыру жоспарлануда. 200-ден кем адам тұратын саны аз 1129 ауылда суды тазартудың жергілікті жүйесі орнатылатын болады. 2025 жылы сумен жабдықтау қызметтерімен халықтың 100% - ы қамтамасыз етілетін болады.

барлық дауыс: 5370
дауыс мұрағаты