Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.09.2021
ҚОҚЫС ОРАЛДЫҢ 30 МЫҢ ТҰРҒЫНЫН СУСЫЗ ҚАЛДЫРДЫ
Зачаганск ауылындағы кәріз сорғы станциясындағы апат 6 қыркүйек күні түстен кейін белгілі болды.
Құрылыс немесе тұрмыстық қоқыстың түсуіне байланысты екі сорғы істен шықты. Бұл импортталған жабдық және өте қымбат. Сорғылардың әрқайсысы шамамен 40 миллион теңге тұрады. Сорғыларды шетелден жеткізу 2-3 айға созылуы мүмкін. Қазір жеткізушілермен келіссөздер жүргізіліп, коллектордың айналма желісі орнатылуда.
Орал әкімдігінде хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды сумен қамтамасыз ету шектеледі.
Қазір "Батыс Су Арнасы" ЖШС қалалық және облыстық әкімдіктердің балансында. Апатты жою бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
39.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
19.8%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.5%
барлық дауыс: 5369
дауыс мұрағаты