Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.09.2021
«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС МҰРАЖАЙЫНА ШАҚЫРАМЫЗ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мұражайы 2018 жылы кәсіпорынның 20 жылдығына орай ашылды. Мұнда жалпы сумен жабдықтау және канализация тарихы туралы 200-ден астам экспонаттар жинақталған. Мұражай материалдары Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі ретінде танымал болған кәсіпорынның қалай дамығанын баяндайды.
Мұражай тарихи-шолу сипатына ие, экскурсия гидтің әңгімелерімен қатар жүреді. Мұражай бойынша Экскурсия оқу-танымдық сипатқа ие: келушілер судың үйлерде қалай пайда болатынын және оны пайдаланғаннан кейін қайда кететінін көрнекі түрде көре алады, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету және су бұру ісіне қандай техника түрлері жұмылдырылғанын білуге, жүздеген адамдардың күнделікті қажырлы еңбегімен танысуға болады, соның арқасында миллион тұрғыны бар қала үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Экскурсиялар әр түрлі формада өтеді: бұл ертеңгіліктер, әртүрлі ойын формалары және кәсіптік бағдар беру жұмыстары.
Мұражай тәрбие беру қызметін жас шектеусіз жүзеге асыруға және ең бай табиғи мұралармен – сумен танысуға мүмкіндік береді.
Мұражайдың жұмыс уақыты: күн сайын 11.00-12.00, 14.30-15.30
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Анықтама тел.: + 77057581111 (whatsapp)
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты