Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 14.09.2021
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗУДЕ
Түркістан облысы Созақ ауданының шаруашылықтары жаңбырлатып суарудың тиімділігіне көз жеткізді. "Болыс ата" шаруа қожалығының төрағасы Рысметов Шәріпжан 21 гектар алқапта қарбыз, жоңышқа, жүгері егіп, өнімдерін Ресейге экспорттайды. Жаңбырлатып суару техникасын 9 млн теңгеге сатып алды, ал құрылғы құнының жартысын мемлекет субсидиялайды.
Ауданда жем-шөп, азық-түлік белдеуін қалыптастыру, жаңбырлатып суаруды енгізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Ал "Инновациялық технологиялар ғылыми - өндірістік орталығы" семинарында жаңбырлату әдісінің тиімділігі түсіндірілді. Нәтижесінде аудан аграршылары қызығушылық танытып, жаңа технологияларды игеруде. Қазіргі уақытта Шолаққорған, Құмкент елді мекендеріндегі бірнеше шаруа қожалықтары да осы технологияны енгізуді жоспарлап отыр.
барлық дауыс: 5165
дауыс мұрағаты