Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 15.09.2021
СОЗАҚТА «СУЫНДЫҚ» СУ АРНАСЫ ЖӨНДЕЛУДЕ
Созақ ауданында "Суындық" су арнасы іске қосылғаннан кейін, Созақ ауылында 960 гектар суармалы жер айналымға енгізіледі.
Қазір, ауданда 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған "Суындық" каналына күрделі жөндеу жүргізілуде. Өткен жылы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысы бойынша құрылыс жұмыстары басталған болатын.
Жұмыс барысы Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың бақылауында. Ұзындығы 23 шақырым болатын "Суындық" су арнасының 19 шақырымында "науалық қалқандар"орнатылды. Күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың пайдалы әсер коэффициенті артады, ал суармалы жерлер вегетация кезеңінде толық көлемде сумен қамтамасыз етіледі.
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты