Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 20.09.2021
ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІ БОЙЫНША ҚАРАР ҚАБЫЛДАНДЫ
Түркістан қаласында өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда "қалалардың жасыл аймағы, жасыл желектерді күтіп ұстау және дамыту перспективалары" атты қарар қабылданды.
Кеңесте Түркістан өңірінің жасыл аймағын ұстау, жақсарту және көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Іс – шарада мамандар өңірдің топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген ағаштарды отырғызуға бірауыздан тоқтады. Қазір облыс орталығының жасыл белдеуі аумағында қарағаш, акация, үйеңкі көшеттері отырғызылды.








