Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.09.2021
БІРІНШІ ЖАЛАҚЫ КҮНІ
Жаңа ұжым, жаңа басшылар және әріптестер, жаңадан келген маман үшін әрдайым стресстік жағдай болып табылады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де жаңа ұжымға, жұмыс ортасына кіруге көмектесу үшін, «Бірінші жалақы күні» арнайы акциясы өткізіледі.
Кәсіпорынға келген жаңа қызметкер міндеттерін орындауға кіріспес бұрын, Smart Maman оқу орталығында оқудан өтуі қажет. Мұнда олар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты беріп, қажетті нәрсені үйретеді. Сонымен қатар, онда психологиялық тренингтер өткізіледі. Осыдан кейін ғана, үміткер еңбек етуді жоспарлап отырған бөлімшеге тағылымдамаға барады. Қызметтік жұмысының алғашқы айы аяқталғаннан кейін, "Бірінші жалақы күні" акциясы өткізіледі.
Бұл емтиханның бір түрі және бейресми жағдайда тікелей басшылықпен сөйлесу мүмкіндігі. Үміткер "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің негізгі қызметі туралы айтып, өзінің тікелей қызметіне қатысты тәлімгерлердің сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Жақында ұжымға жаңадан келген инспектор-бақылаушылар қабылданды. Бұл өте жауапты жұмыс, өйткені маман халықпен тікелей жұмыс істейді және кәсіпорынның тұлғасы болып табылады. Сондықтан, олардың оқуына және біліктілігіне ерекше көңіл бөлінеді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасының жаңа маманы да алғашқы жалақысын алды.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты