Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.09.2021
ШӘКІРТТЕР "СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-ДЕ
"Smart-Maman" оқу орталығында оқыту эксперименті басталды. М.Әуезов атындағы университеттің 4 курс шәкірттері сумен жабдықтау және су бұрумен байланысты мамандықтар бойынша дуальді оқытудан өтіп, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің өндірістік процестерімен танысады .
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мен оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы құжат аясында дуальді оқыту бойынша эксперимент жүргізу туралы шешім қабылданған болатын. Оқу орталығында шәкірттердің сумен жабдықтау және су бұру туралы теориялық білімдерін жақсарту үшін барлық қажетті заттар бар, практикалық сабақтар да қарастырылған.
"Дуальді оқытуда өндірісте және аудиторияда дәріс жүргізу қамтылған. Биыл екі топ жиналып, сабақ жоспары әзірленді және кесте анықталды. Жалпы шәкірттер оқуға 45 сағат жұмсайды",- деді "Smart-Maman" оқу орталығының жетекшісі Нұридин Жарболов.
32 шәкірт оқыту курсынан өтеді. Эксперименттің басты мақсаты - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де жұмыс істеуге дайын мамандарды анықтау. Оқу барысында тәлімгерлер оларға қажетті кәсіби дағдыларды үйретуді жоспарлап отыр.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты