Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 23.09.2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МОНОПОЛИСТКЕ 22 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
"Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне кіргізбей және сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтеріне уәкілетті органға тарифті бекітпестен, 2017 жылдан бастап 2021 жылғы 1 тамызға дейінгі кезеңде 19 763 349 теңге мөлшерінде кіріс алған.
Ведомствоның ақпараты бойынша, Департаментке мемлекеттік тіркелімге енгізу туралы өтінішті ұсынбағаны үшін, осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап, күнтізбелік 15 күн ішінде ЖШС "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 164-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 19 763 349 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның санкциясында әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл көзделген. Бұдан басқа, уәкілетті орган бекіткен тарифсіз реттелетін қызметті жүзеге асырғаны үшін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Субъект бұзушылықтың жасалу фактісін мойындап, санкцияда көрсетілген баптың елу пайызы мөлшерінде 2 333 600 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге келісті.
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты