Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 28.09.2021
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖАЛҒАСУДА
Ақмола облысында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
1 042 тұрғын бар Үлгі ауылында су құбыры желілерін қайта жаңартуға жоба әзірленді. Кентішілік су таратқыштың жалпы ұзындығы 23,5 км құрайды, барлық жоспарланған жұмыстар аяқталғаннан кейін, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 274 аула қосылатын болады.
Су тазарту құрылыстары аумағында реттеуші және өртке қарсы су қорын сақтау үшін, жалпы көлемі 700 текше метр таза судың екі темірбетон резервуарын орнату көзделген.
2020 жылдың қорытындысы бойынша 54 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу бойынша 62 жоба іске асырылды. Барлығы облыс бойынша орталықтандырылған сумен 380 елді мекен қамтылған, орталықтандырылмаған сумен – 207.
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты