русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 28.09.2021

САХНА АРТЫНДА ӨНДІРІС

Әрбір өндіріс өзінің техникалық қызметкерлерінің арқасында жұмыс істейді: инженерлер, техниктер, шеберлер, әртүрлі мамандықтағы жұмысшылар. Бірақ , қаржыны сауатты басқару, салық есептерін тапсыру, жеткізушілермен және мердігерлермен уақтылы өзара есеп айырысу болмаса, ешқандай кәсіпорынның жұмысы жүрмейді. Бұл бөлім үшін бас есепші жауап береді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де бұл қызметті көптеген жылдар бойы Әлиева Ләйлә Баширқызы атқарып келеді.
Кәсіпорын миллион тұрғыны бар қаланы сумен қамтамасыз етуге және су бұру қызметтеріне жауапты, қаржы ағыны қомақты және оны басқару оңай шаруа емес. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-гінің есеп бөлімі сағаты тәрізді жұмыс істейді. Салық есептілігі, өзара есеп айырысулар, жалақы төлеу – бәрі уақытында және кідіріссіз жасалады.
"Біз ТМД-да алғашқылардың бірі болып, «Еуропалық Қайта Құру және даму банкісімен» жұмыс істей бастадық. Бұл өте маңызды ұйым және әрине, ынтымақтастық алдында олар біздің қаржылық құжаттамамызды мұқият зерттеді. Жарты жыл бойы көптеген сараптамалар жүргізілді, соның ішінде техникалық және экологиялық сараптамалар. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС осы тексеруден сәтті өтті, ЕҚДБ-мен шарт 2009 жылы жасалды, ал 2010 жылы біз су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңартуға және өндірісті жаңғыртуға бірінші траншты алдық. Ынтымақтастық жылдарында бізде бірде-бір кешіктіру болған жоқ. Кредит валютамен алынды, бұл ретте өткен уақыт ішінде теңгенің бірнеше құлдырауы болды, бірақ қандай болмасын, біз өзімізге алған міндеттемелерді орындадық", - деді кәсіпорынның бас бухгалтері.
Өткен жылы пандемия кезінде, адамдар қала бойынша артық қозғалыс жасамауы және абоненттерге ыңғайлы болу үшін, қосымша кассалар ашылды. Ал қазір, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де виртуалды ассистент (чат-бот) табысты жұмыс істеуде, осының арқасында қызметтерді жеткізуші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасы айтарлықтай жеңілдетілді. Кәсіпорын қаладағы ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады, жыл сайын кідіріссіз бюджетке миллиардқа жуық теңге аударылады. Сонымен қатар, салық саласында бірқатар проблемалық мәселелер бар.
"Мысалы, бұл бірыңғай салық мәселесі. Тағы бір проблема - кәріз желілеріне мүліктік салық, ол 1,5% құрайды, ал су желілеріне мүліктік салық - 0,1%. Біз кәріз желілері үшін мүлік салығын және су құбыры желілері үшін салықты бірыңғай мөлшерлемеге келтіру қажет деп санаймыз. Біз өз ұсыныстарымызды бірнеше рет ең жоғары деңгейде айтқан болатынбыз, бірақ, өкінішке орай, мәселе әлі шешілген жоқ", - деп бөлісті Ләйлә Әлиева.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары