Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 30.09.2021
АЛМАТЫДА СЕЛДЕН ҚОРҒАЙТЫН БӨГЕТТЕР ҚАШАН САЛЫНЫП АЯҚТАЛАДЫ
Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Аюсай өзенінің сағасынан төмен Ақсай және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысымен танысты.
Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде сел қаупі бар. Бұл өзендердің жоғарғы жағында 114 мұздық, 35 мұз шөгінділері бар. Селдің жойқын әсер ету аймағында бес мыңнан астам объект және 40 мыңнан астам адам бар.
Бөгеттер құрылысы Алматының сел қаупі бар аймағында орналасқан Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарының тұрғындары мен объектілерін қорғауды қамтамасыз етеді. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2023 жыл.

дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.2%
БАҚ
14.7%
Басқа
15.7%
барлық дауыс: 6055
дауыс мұрағаты