русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.10.2021

"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қарттар күні-ерекше күн. Әдеттегідей, бұл күні кәсіпорынның дамуына өз күштері мен денсаулығын қосқан еңбек ардагерлері құттықталады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өз зейнеткерлерін ұмытпайды және 1 қазан- мереке күні, олардың әрқайсысы өз сыйлықтарын алды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де Қарттар күніне орай кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орманның өкімімен әлеуметтік пакеттер дайындалды. Барлығы 145 зейнеткер еңбек демалысында, олар өз сыйлықтарын алады. Біз осындай акцияларды жыл сайын өткізіп отырамыз және еңбек ардагерлерінің жағдайынан, денсаулығынан хабар алып, оларға қандай да бір көмек беруге тырысымыз", - деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Сүйіндікова.
Бүгін кәсіпорынның барлық бөлімдері мен бөлімшелері зейнеткерлікке шыққан аға әріптестерін құттықтады. Кәсіпорын өкілдері ардагерлерге балалары мен немерелерінің қатысуымен әлеуметтік пакеттерді табыстау үшін, көпшілік сыйлықтарды үйлеріне алып кетті.
Көп жылдар бойы жұмыс істеген кейбір зейнеткерлер бөлімшелерге шақырылды, мысалы, Баян Жақсыбаева. "Мен кәсіпорында – орталық диспетчерлік қызметте, кәріз диспетчерлік бөлімінде жиырма екі жыл жұмыс істедім. Бізді жыл сайын құттықтайды, ұмытпайды. Бұл үшін кәсіпорын басшылығына рахмет!", - дейді зейнеткер.
Қарттар күніне "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің 145 зейнеткері жас әріптестерінен құттықтаулары мен сыйлықтарын алды.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары