Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 03.10.2021
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА СУАРМАЛЫ СУ ЖЕТІСПЕУДЕ
Түркістан облысы Құмкент ауылының фермерлеріне суармалы су жетіспеуде. Оларға келіп тұрған суару арнасы жарамсыз болып қалды. Күрделі жөндеу қажет, болмаса жүздеген гектар алқап суарусыз қалуы мүмкін. Бұл жерасты бұлағы Құмкент ауылының тұрғындары үшін бірден - бір қайнар көзі. Ол жарты ғасыр бойы барлық ауыл шаруашылық округін сумен қамтамасыз етіп келеді. Бірақ, соңғы кездері арық арнасы ескіріп, құлай бастады. Тұрғындар көкөністер мен жемшөп дақылдарын көбірек өсіргісі келді, бірақ судың болмауына байланысты бұл мүмкін болмай жатыр.
Бұлақтың суы шамамен 300 гектар жерді суарады. Егер арық ретке келтірілсе, онда суармалы алқап екі есеге өседі. Әкімдіктегілер алдағы уақытта қайта құру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Олар жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап, келесі жылы жөндеуді бастауды жоспарлап отыр.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты