Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 05.10.2021
ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ С.БРЕКЕШЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, оңтүстік өңірдегі өзекті проблемалардың бірі – су мәселесіне талқылады.
Министр алдымен «Түркістан магистральды каналына» барып, канал арналарын бетондау жұмысымен танысты. Канал ұзындығы 149 км құрайды және жергілікті шаруа қожалықтарының негізгі су көзі болып табылады. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталып, эксплутацияға беріледі.
Сондай-ақ, Ескі Иқан ауылдық округінде «Ирригациялық және дренаждық жүйелеррді жетілдіру жобасы» аясында жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты. Жоба аясында 72 тік дренажды ұңғыма және 300 шақырымға жуық канал жаңғырады.
Жұмыс сапары аясында Шардара су қоймасына да барып, жүзеге асырылып жатқан жөндеу, сейсмотұрақтылығын арттыру жұмыстарымен танысты. Құрылыс аяқталғанда, су қоймасы 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін төзімділікке ие болады. Министр Серікқали Брекешев мердігер компанияға құрылыс жұмыстарын белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты