Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.10.2021
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ
"NurOtan" партиясының "Оңтүстік Су" филиалында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өтті. Кездесуге "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бастауыш партия ұйымдарының делегаттары қатысты.
Жиынды "Оңтүстік су" партиясы филиалының төрағасы Абзал Зейнетаев ашып, жүргізіп отырды. Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Әліпов баяндама жасады. Отырыста сондай-ақ, партия ардагері Әбдібек Тәңірбергенов пен "Су ресурстары Маркетинг" ЖШС аппарат басшысы Асқар Ақшаев сөз сөйлеп, Жолдаудың басым бағыттары бойынша өз пікірлерімен бөлісті және партия мүшелерін бірлікке шақырды.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты