Жаңалық - Микс
новость от 06.10.2021
ШЫМКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бейбіт Қарымсақов 1962 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қызылсай ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2004 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
1996 жылдан бастап-Алматы қаласының салық органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2019 жылдан 2021 жылғы сәуірге дейін - "Самұрық-Энерго"АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.








