Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.10.2021
"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-НЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Цифрландырудың маңызды кезеңдерінің бірі жеке су есептеу құралдарының көрсеткіштерін беру болып табылады. Бұл әдісті сынау үшін эксперимент басталды. Оның барысында, көп қабатты үйдің пәтерлерінен суды жеке есептеу құралдарының көрсеткіштері инспектор-бақылаушылардың қатысуынсыз кәсіпорын базасына беріледі.
"17 шағын ауданының 5 "А" үйінде, барлық су есептегіш құралдары жертөледе орналасқан. Олардың барлығы арнайы тарату құрылғыларымен жабдықталып, Интернет байланысының көмегімен көрсеткіштерді кәсіпорын базасына жібереді. Эксперимент алты ай бұрын басталды, әрине, қателіктер болмауы үшін бақылаушылар мезгіл-мезгіл көрсеткіштерді тексереді. Нәтижесінде, 6 айда ішінде бірде-бір қателік анықталған жоқ", - деді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС БӨАжА инженері Нұрсұлтан Есенқұлов.
Кәсіпорын басшылығы инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібінің цифрлық даму министрі Бағдад Мусиннің келуі кезінде, жаңа құрылыстардағы таратушы құрылғылармен жабдықталған жоғары дәлдіктегі жеке су өлшегіштерді орнату мәселесін көтерді. Бұл жаңашылдық Қазақстан Президенті айтқан сумен жабдықтау саласын цифрландыру тұжырымдамасына сәйкес келеді. Бірақ әзірге, Шымкенттің жаңа шағын аудандарында қарапайым жеке су өлшегіштерді орнатуды жөн көруде.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты