Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 10.10.2021
САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЛҒА СУ БЕРУДІ ТАЛАП ЕТІП, ТАС ЖОЛДЫ БӨГЕДІ
Ашынған Сарыағаш ауданы Ақжар ауылының тұрғындары жолды бөгеп, шекті шараларға барды.
Ауылдың су мұнарасында сүзгі сынған. Оны әр үш жыл сайын ауыстырып тұру қажет, бірақ ол сегіз жыл бойы ауыстырылмаған. Қазір тұрғындар суды литірін бір-екі теңгеден сатып алуда немесе өзеннен алуда. Өткен жылы мамандар өзеннен су ішу денсаулыққа қауіпті деп қорытынды жасаған болатын.
Ал, әкімдіктегілер жөндеу жұмыстарына 6 миллион 758 мың теңге бөлініп, бір ай ішінде барлығын жасауға уәде берген. Содан бері жарты жыл өткен.
Ауыл тұрғындары тек жолды жауып қана назарын өздеріне аудара алды. Бір аптадан кейін ауыз су мәселесі шешілетін болды. Бүгінгі күні мердігер ұйымы шартқа қол қойды. Келесі аптаға дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты