русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.10.2021

«СУ РЕСУРСТАРЫ – МАРКЕТИНГ» ЖШС - ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жаңа гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту және құрылыс жүргізіліп жатқан объектілер бойынша баспасөз турын өткізді. Журналистер мен қоғам өкілдерін Рысқұлов көшесіндегі диаметрі 500 миллиметр су тартқышты қайта жаңарту барысымен және қалалық тазарту құрылысының жанындағы коллектор құрылысымен таныстырды. Бұл жұмыстар кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасына енгізілген болатын.
Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін Рысқұлов көшесімен тартылатын су тартқыш үш ауданның тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуі тиіс: Самал 1 және 2, Тельман бөлімшесі. Жалпы, бұл ауданда 8 мыңға жуық абонент тұрады.
"Сіздер Рысқұлов көшесіндегі ескі су құбырының ауыстырылғанын көрдіңіздер, онда диаметрі 500 миллиметр болатын жаңа құбыр орнатылуда. Ескі су құбырында тозу салдарынан көптеген авариялар орын алып, суды жиі өшіретін, соның салдарынан тұтынушылар қолайсыздықтарға ұшырады", - деп, баспасөз турына қатысушылармен ТМРА Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Қайынбердиев өз ойымен бөлісті.
Тазарту ғимараттары кешенінің жанында ауқымды құрылыс жүргізілуде. Ескі каналдың түбіне үлкен құбырлар қойылуда, олардың диаметрі 2000 миллиметр. Мердігерлер коллекторды орнатуды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Ағынды сулардың мөлшері жылдан жылға артып келеді, жаңа желіні жүргізу қажеттілігі туындаған басқа да факторлар бар.
"Қала кеңеюде, ағынды сулардың көлемі өсуде және ескі коллекторлар кіретін көлемдерге төтеп бере алмады. Әсіресе көктем мен күзде, су тасқыны жүйеге кірген кезде. Сондықтан, инвестициялық бағдарлама аясында ескі коллекторлар ауыстырылуда. Бұл алдағы уақытта апатты жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді", - деді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.
Баспасөз турының қатысушыларына инвестициялық бағдарлама аясында өткізілген басқа да іс-шаралар туралы айтылып, тариф белгілеумен таныстырылды, сондай-ақ журналистер мен қоғам өкілдерінен келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берілді.
"Біз 2016-2021 жылдар аралығында кәсіпорынның инвестициялық бағдарламаның орындалуын зерттедік. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жоспары бойынша оны орындауға 17 миллиард теңге жұмсау керек болатын, іс жүзінде 19 миллиард жұмсалды, яғни 2 миллиардқа асыра орындау жүріп жатыр", - деп түйіндеді Дархан Қанибердиев.
Салынған инвестициялардың нәтижесінде, кәсіпорын су құбыры желілерінің тозуын 52% - дан 47% - ға дейін төмендетуге, су құбырындағы ысырап пен кәріз және су құбыры желілеріндегі авариялылық жағдайлардың азаюна қол жеткізді.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары