Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 13.10.2021
ДЕПУТАТТАР СУ ТҰТЫНУДЫ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ НОРМАЛАРДЫ АЛЫП ТАСТАУҒА ҚАРСЫ
Мәжілісте энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері бойынша жоба қаралды. Депутаттар су тұтыну көлемдерін ұтымды пайдалануды бақылау жүйесін заңнамадан алып тастауға қарсы. Олар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерін уәкілетті органға суды тұтыну мен ысырап ету деректерін беруге міндеттейтін норманы алып тастау туралы ұсынысын қолдамайды. Палата Спикері бұл қазіргі жағдайға, әсіресе су тапшылығына әкеп соқтыратын климаттық өзгерістер жағдайында қайшы келетінін атап өтті. Егер министрліктің ұсынысы қабылданса, онда ішкі су тұтыну жүйесінен суды тұтынатын мыңдаған өнеркәсіптік кәсіпорындар, коммерциялық және бюджеттік ұйымдар бақылаудан тыс қалады, деп мәлімдеді Нұрлан Нығматулин. Депутаттардың пікірінше, бұл нормаларды қайтару қажет. Жалпы, әзірлеушілердің айтуынша, заң жобасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында жүргізіліп жатқан саясаттың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты