Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 13.10.2021
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА 30 ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТ АУЫЗ СУСЫЗ ӨМІР СҮРУДЕ
Ұзынкөл ауданындағы Троебрат ауылының тұрғындарына отыз жылдан астам уақыт ауыз су жетіспеуде. Қазір мұнда 2 мыңға жуық адам тұрады, судың жетіспеушілігіне байланысты елді мекеннен көпшілігі кетіп жатыр. Тарату пункті бұрыннан салынған, ауыл тұрғындары сол жерден су алуда. Жазда ешқандай қиыншылықтар болмайды, бірақ қыста кейде ол да жеткізілмей қалады.
Қостанай облысының 3 ауылын сумен жабдықтау бойынша жобаның тоқтатылғанына шамамен алты ай. Биыл оны жүзеге асыруға жарты миллиардқа жуық теңге жұмсау керек болған еді. Бірақ нәтижесінде, мердігерге тек 100 млн-дай ғана бөлінген . Сокол, Сатай және Троебрат 3 ауылды сумен жабдықтау бойынша ірі жоба – екі жылға есептелген.
Екі жыл ішінде Қостанай облысында 220 ауылға модульдік су тарату пункттерін орнату жоспарлануда. Қазір онда 46 мыңнан астам адам тұрады. Егер жоба іске асырылса, өңірдегі ауыл тұрғындарының 82%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты