русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 14.10.2021

СЕНАТ КАСПИЙДІҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі хаттамаға қосылды. Тиісті заңды Сенат депутаттары қабылдады. Құжат балық аулауды, аң аулауды, жануарларды аулауды, өсімдіктерді жинауды немесе оларды жоюды бақылайды. Жаңа хаттамаға сүйене отырып, экожүйеге тікелей немесе жанама түрде зиян келтіруі мүмкін қалдықтар мен басқа заттарды көмуге немесе орналастыруға тыйым салынады.
Заң жобасын әзірлеу алдында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының келісімі болды. 2018 жылы өткен бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша, Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Хаттаманың күшіне енуі үшін, мемлекетішілік келісу рәсімдерін өткізу туралы шешім қабылданды. Онда көзделген шаралар Каспий маңындағы бес мемлекеттің осы бағыттағы ынтымақтастығын күшейтеді және теңіз экожүйесін сақтауға өз үлесін қосады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары