Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.10.2021
СЫЙЛЫҚТАР – ҮЗДІКТЕРГЕ!
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де инспектор-бақылаушылар тарапынан халыққа қызмет көрсетуге және осы мамандарды "Smart-Maman" оқу орталығында кәсіби оқыту мен психологиялық тренингтерге көп көңіл бөлінеді. Тағы бір шара – инспекторларды қаржылық ынталандыру.
Кәсіпорынның дилерлік ұйымдарында жұмыс істейтін 150-ден астам инспектор-бақылаушылар үшін, ай сайынғы конкурс іске қосылды. Олардың ішінен үздіктерін таңдау үшін, бірқатар шарттар мен параметрлер әзірленді. Алғашқы конкурстың жеңімпаздары бір күн бұрын "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығынан сыйлық сертификаттары мен ақшалай сыйлықтар алды.
"Мен өзімнің дилерлік бөлімшемде 21 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бірге істейітін қызметкерлерім мен менің учаскемде тұратын тұрғындардың көпшілігін білемін. Мен олармен үнемі байланыста боламын, проблемалар туындаған жағдайда олар менен көмек сұрайды. Бүгін мен байқаудың жеңімпазы болғаныма қуаныштымын, кәсіпорын басшылығына осындай сыйлықтар үшін көп рахмет!" - деп бөлісті "Мырзалиев" ЖК инспектор-бақылаушысы Эльмира Пушанова.
Ең жақсы дилерлік бөлімшеге арналған тағы бір номинация бар. Жеңімпаз "Су аранасы 12" ЖШС болды, бұл ұйым Шымкент қаласының жеке секторының басым бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұнда негізінен тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істейді. Ақшалай сыйлықты учаске басшысы Бауыржан Нарбеков алды.
Жалпы алғанда, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аутсорсингтік қызметтерді 12 дилерлік ұйым көрсетеді. Оларда екі жүзден астам адам жұмыс істейді. Келесі байқау қараша айында өтеді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты