русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.10.2021

ЕУРОПАЛЫҚ ОҚЫТУ

Қазақстандық "Су арнасы" қауымдастығы "Kleartech" латвиялық компаниясымен бірлесіп, Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласының қызметкерлері үшін онлайн оқыту курсын бастады. Кейін бұл процеске Өзбекстан өкілдері қосылады.
Оқыту бірнеше модульдерді қамтиды. Бірінші кезекте, еуропалық стандарттар мен нормативтік - құқықтық құжаттарды біздің құжаттармен біріктіру мүмкіндігі мен бейінді қауымдастықтың рөлі және оны дамытуға көмек қарастырылуда. Еуропалық мамандардың пікірінше, қауымдастықтар сумен жабдықтау және су бұру саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өсуіне ықпал етеді. Оқытудың тағы бір маңызды блогы - Қазақстан мен Өзбекстанның сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарына қызмет көрсететін жобалаушылардың, инженерлер мен құрылысшылардың біліктілігін арттыру.
Оқытуды жүргізуге Бағдарламаға қатысушылардың теориялық және практикалық базасын арттыруға өз үлесін қосатын бірнеше беделді еуропалық сарапшылар тартылды. Оның ішінде ЖОО өкілдері де бар. Айта кетейік, сарапшылар қатарында Шымкент қаласының өкілі бар. Бұл "Smart-Maman" оқу орталығының жетекшісі Нуриддин Джарболов. Бұл орталықта "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері мен мамандары оқытылады. Сарапшы Джарболов латвиялық компания мен қазақстандық су арналары қауымдастығы бастамашы болған оқу бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Курс аяқталғаннан кейін, бұл оқу бағдарламасын "Smart-Maman" оқу орталығы Қазақстанда және Орта Азияда енгізу үшін пайдаланатын болады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары