Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.10.2021
СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫП, ДЕНІҢІЗ САУ БОЛСЫН
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де спортқа және онымен байланысты іс-шараларға көп көңіл бөледі. COVID-19 пандемиясында өте қатал, егер санитарлық нормалар рұқсат етсе, онда әртүрлі спорт түрлері өткізіледі. Кәсіпорынның көптеген қызметкерлері спорт секцияларына, жалпы қалалық жарыстарға қатысады. Мысалы, заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің аға маманы жалпы қалалық жүгіруге қатысты.
"Менің әріптестерім спортқа көп уақыт бөледі. Спортпен жұмыстан кейін айналысамыз, кәсіпорында ұйымдастырылатын спорттық іс-шараларды өткізіп алмауға тырысамыз. Жеке өзім жүгірумен айналысамын. Жақында әріптесім екеуміз жалпықалалық марафонға қатыстық, бұл дәстүрлі жүгіру жарысы, біз бұл шараны жібермеуге тырысамыз. Бұл жарыста жеңіске жету қиын, бірақ, ең бастысы, қатысу", - деп бөлісті спортшы.
Қараша айында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, кәсіпорынның бөлімдері мен бөлімшелері арасында спартакиада өткізуді жоспарлап отыр. Спортшылар бұл іс-шараларға қазір дайындала бастады.
"Барлық әріптестерімізді спартакиадаға қатысуға шақырамыз. Бұл өте қызықты және, әрине, денсаулыққа пайдалы. Алдағы жарыстардың барлық қатысушыларына жеңіс тілеймін", - деп, тілек білдірді Арман Асанов.
Қазір қиын эпидемиологиялық жағдай уақытында, спортпен шұғылдану және жай ғана деннің сау болу мүмкіндігі бірнеше факторларға байланысты. Олардың бірі – вакцина алу. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері COVID-19 және маусымдық тұмауға қарсы екпе алды. Спорт сонымен қатар, аурулармен күресте пайдалы әсерге ие.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты