Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 20.10.2021
ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕ ТОҚАЕВҚА ЕСЕП БЕРДІ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады және оның тоғыз айдағы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады.
Өмірзақ Шөкеев облыста сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция, шағын және орта бизнес салаларында экономикалық көрсеткіштердің өскені байқалатынын хабарлады. Өңір елдегі ЖӨӨ өсімі бойынша екінші орын алады.
Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы да есеп берді. Оның мәліметінше, облыс орталығына жақын орналасқан төрт су көзі ауыз судың жеткілікті қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, Президентке аудандардағы су тапшылығына байланысты проблемаларды шешу жөніндегі жұмыстар туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, әкімге елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ өңір үшін маңызды бірқатар жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты