Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.10.2021
СТУДЕНТТЕР ЭКСКУРСИЯДА
"Smart-Maman" оқу орталығының базасында Әуезов атындағы университетінің суды пайдалану және экология факультетінің студенттері дуальды оқытуды жалғастыруда. Оқу бағдарламасы аясында жастар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басқармасының ғимаратына барды және оларға экскурсия ұйымдастырылды.
Дәстүр бойынша экскурсия кәсіпорын мұражайында басталды. Мұнда студенттер Шымкенттің орталық сумен жабдықтау тарихымен танысып, пайдалану және басқа да қызметтерде қолданатын жабдықтар, техника және аспаптар туралы көп нәрсе білді, сондай-ақ суды өндіру және тазарту схемасын егжей-тегжейлі зерттеді. Жалпы, мұражайда жастар өздерінің білімін айтарлықтай толықтырды.
Келесі бару пункті кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметі болды. Нақты уақыт режимінде студенттер ауыз судың қалалық желілер арқылы қалай жеткізілетінін, таратылатынын, өтінімдер қалай қабылданатынын және апаттық-қалпына келтіру бригадалары қалай жұмыс істейтінін көре алды. ОДҚ-не барлық қажетті ағымдағы ақпарат келеді және оны өңдеумен бірнеше инженер-диспетчерлер айналысады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аккредиттелген зертханасында болашақ әріптестеріне Шымкент суының сапасы қалай бақыланатыны, бақылау нүктелерінен алынған су сынамаларына талдау қалай жүргізілетіні туралы айтылды. Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі мәселесі бірінші орында, сондықтан сынамаларды іріктеу күн сайын жүргізіледі.
Экскурсиядан кейін, жастар болашақ мамандықты дұрыс таңдағанына көз жеткізді. Айта кетейік, кәсіпорын Әуезов атындағы университетпен тығыз байланыста жұмыс істейді, болашағы зор балалар ерекше назарға алынады және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оларға "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де еңбек жолын бастау ұсынылады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты