Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.10.2021
ҚР СЕНАТЫНДА КАСПИЙДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Сенатта "Каспий теңізін қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жер үсті көздерінен ластанудан және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылданды.
Бұл келісімді Каспий маңындағы 5 мемлекет қабылдады, оның ішінде Қазақстан да болды. Ратификациялау елдерге Каспийдің экологиясын сақтау үшін үздік табиғат қорғау технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Теңіз ортасы мен жағалаудағы аудандардың сипаттамалары туралы толық база құру жоспарлануда. Конвенцияға сәйкес, әрбір тарап ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді. Бұл ластану деңгейін және ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылауға көмектеседі. Заң жобасы Қазақстан үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды. Бюджеттен қосымша ақша бөлу қажет емес.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты