Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.10.2021
ЖОЛ ЖАБЫНЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
Сапалы асфальт төсеу жұмыстарының жүргізілуі ауа-райы жағдайлары мүмкіндік берген кезде, яғни, ерте көктемнен басталып, күздің соңында аяқталады. Кәсіпорын бөлімшелерінің жүргізген жол жабынын қалпына келтіру жұмыстарынан кейін, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де бұл мәселені ерекше бақылауға алады.
Асфальттауға өтінімдердің негізгі бөлігі авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, пайдалану қызметтерінен келіп түседі. Су құбыры және кәріз желілерін қайта құрумен және ауыстырумен айналысатын мердігер ұйымдар негізінен көлденең бағытталған бұрғылау қондырғыларын пайдаланады, сондықтан қалпына келтіру жұмысы жол жабынының "тесілген" жерлерінде ғана жүргізіледі.
Су құбыры және кәріз желілерінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын және құбырларды қайта құру немесе ауыстыру жүргізілгеннен кейін, пайдалану қызметтері мен мердігер ұйымдар автожолдар мен тротуарлардың бүлінген учаскелеріне асфальт төсеу үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне өтінім береді.
Осы өтінімдердің барлығы жол жабынын қалпына келтіру және асфальттауға жауапты бөлімшенің арнайы кестесіне енгізіледі. Зақымдалған учаскені асфальттамастан бұрын, алдын-ала жұмыстар жүргізіледі. Бұл қиыршық тасты және топырақты тегістеу. Осыдан кейін, асфальттау басталады, бұл үшін барлық қажетті техника мен процеске жауапты мамандар бар.
барлық дауыс: 5557
дауыс мұрағаты