Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.10.2021
ШЫМКЕНТТІҢ СУ БҰРУ ЖҮЙЕСІ
Қала тұрғындары ауыз суды алуан түрлі қажеттіліктерге пайдаланғаннан кейін, оны Шымкенттің тазарту құрылыстары кешеніне дейін жеткізу қажет. Бұл үшін кәріз желілері (су бұру) пайдаланылады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің балансында 500 километрге жуық су бұру желілері бар. Оларға қаланың әр аудандарында арнайы қызмет көрсететін бөлімдері бар. Бұл шаруашылық күрделі, қызмет көрсету мен үнемі зейін салуды қажет етеді.
Өкінішке орай, көп қабатты және жеке секторлардың тұрғындары кәріз желілеріне әрдайым ұқыпты қарамайды. Кейбіреулер оларды қоқыс жинағыштармен шатастырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайды. Бұл өз кезегінде тұрғындарға қиындық тудыратын тосқауылдарға әкеледі. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, құдықтарда (көп қабатты үйден шығар жерде) арнайы қоқыс аулағыштар орнатылады, оларды кәсіпорын қызметкерлері мезгіл-мезгіл тазалап отырады.
Ал коллекторлардағы зақымданулар мен жарылыстардың алдын-алу үшін, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де сумен жабдықтау және су бұру саласының соңғы технологиялық әзірлемелері белсенді пайдаланылады. Кәріз желілерінде апаттар мен бітелулердің алдын-алу үшін, Rovion жылжымалы модульдік телеинспекциялық жүйесі сатып алынды. Қазақстанда осындай екі қондырғы бар, оны тек Нұр-Сұлтанда және Шымкентте ғана пайдаланады.
Телеинспекцияның көмегімен құбырларды тексеру жүргізіледі, түрлі ақаулар анықталады, мысалы: майлы өсінділер, контр көлбеуі, жарықтар және т.б. Зерттеулер арнайы кесте бойынша жүргізіледі, онымен бүкіл Шымкент қамтылған.
Жылжымалы кешен диаметрі 100-ден 2000 мм-ге дейінгі кәріз құбырларының жағдайын бейне диагностикалау үшін қолданылады. Шағын диаметрлі жолдарды тексеру үшін, жоғары ажыратымдылықтағы бейнекамералармен жабдықталған доңғалақты роботтар іске қосылады. "Сурет" дронды басқаратын оператордың мониторына түседі. Үлкен диаметрлі коллекторларды зерттеу кезінде, басқарылатын шағын өлшемді қайық қолданылады.
Ақаулар анықталған жағдайда, мамандар жөндеу технологиясын жасайды, оның көлемін бағалап, шығындарын есептейді. Rovion жүйесі уақытты, күш пен қаражатты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүлінген құбырды ауыстыру үшін қазу қажет болған жағдайда, ол нүктелі түрде жүргізіледі, бұл уақыт пен қаражатты үнемдейді және жол жабынын бұзбауға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жөндеу сапасына көз жеткізу үшін бақылау тексерісі жүргізіледі.
Үлкен диаметрлі коллекторларды тазарту және жуу үшін арнайы техника қолданылады – Камаз негізіндегі каналды тазарту машинасы. Жоғары қысыммен су құбырға жібріледі және қысымның арқасында құбырдың ішіндегі барлық артық заттар жуылады.
Қазір қала жаңа кәріз желілерімен толықтырылып, көптеген шымкенттіктер өркениеттің игіліктерін пайдалануда. Су бұру процесі қалалық тазарту құрылыстарының кешенінде аяқталады, онда су, тазартудың екі кезеңінен өтеді – механикалық және биологиялық. Бірақ, біз бұл туралы келесі жолы айтамыз.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты