Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 28.10.2021
САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ТҰТАС БІР АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНАН ЖҰРДАЙ
Сайрам ауданындағы Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би елді мекенінің жұрты өркениеттен әлдеқайда артта қалып қойған.
2016 жылы бұл аумаққа толықтай инфрақұрылым жүргізілсін деген құжатқа қол қойылған. Бірақ жарық пен ауыз су мәселелері әлі күнге дейін өзекті болып қалған.
Шухратулла Азатұлы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары: «Бірінші кезекте жерді мемлекетке қайтару керек, жерді мемлекетке қайтарғаннан кейін ол жерге инфрақұрылым жүйелері тартылады. Жердің егесі жерді қайтарудан бас тартқан. Ортада 2,4 га жер қалып кеткен. Сол жерді қайтарса, бұл жерге жоба істелінеді», - деді.
Аудан әкімінің орынбасары бұл мәселені назарына алып, электр бағанасын орнатып беруге уәде берді. Бірақ тұрғындардың проблемасы нақты қашан шешімін табатыны белгісіз.
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты