русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 02.11.2021

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды бақылау департаменті Шымкент қаласы бойынша Facebook әлеуметтік желісінде кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Монополияға қарсы ведомствоның басшысы Дархан Қанибердиев іс-шараның модераторы болды. Тікелей эфирге коммуналдық қызметтерді жеткізушілер, Кәсіпкерлер Палатасы, партиялық және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Монополияға қарсы департамент қызмет көрсетушілердің әлеуметтік желілердегі қызметін қадағалайды. Дархан Қайынбердиев осы бағыттағы жұмысты күшейтуді, түсіндіру және ескерту материалдарын жиі жариялауды ұсынды. Айтпақшы, біздің кәсіпорын Telegram чат-ботында тіркелген абоненттер саны және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар саны бойынша көш бастап тұр.
Виртуалды қабылдау барысында тұтынушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС атына кәсіпорын қызметіне қатысты бірнеше сұрақтар келіп түсті. Барлық сұрақтарға жедел жауаптар берілді. Келесі Виртуалды қабылдау желтоқсан айының бірінші сейсенбісінде өтеді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, тұтынушылар бізге Instagram, Facebook және Telegram әлеуметтік желілері арқылы хабарласа алады (https://t.me/wodnyeresursyshymkent), сондай-ақ, +77057581111 (Whatsapp) нөмірі арқылы қоңырау шалуға және жазуға болады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары