Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.11.2021
ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТА
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тұтынушылармен кері байланысқа өте мұқият қарайды. Кәсіпорынның Facebook, Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде өз аккаунттары бар, абоненттерден туындаған сұрақтарға қоғаммен байланыс бөлімі жедел жауап беріп, туындаған мәселелерді шешеді. Ал 2021 жылдың қазан айынан бастап, Facebook-тегі "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аккаунтында тікелей эфирлер іске қосылды.
Басшылардың сөз сөйлеуі әр айдың бірінші бейсенбісінде сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін жүргізіледі. Басты міндет – тұтынушылардың сұрақтарына жауап беру және кәсіпорын қызметі туралы айту. 4 қарашада "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов тікелей эфирде су құбыры жүйелері туралы айтып, абоненттерден келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Ол авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін қозғады (жөндеу бригадаларының іс-қимылдарының толық алгоритмі, жол жабынын жөндеу және қалпына келтіру уақыты ұсынылды), кәсіпорын ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға және су құбыры желілерін қайта жаңартуға көмектесетін енгізіліп жатқан технологиялар туралы айтты.
Толық баяндамамен сілтеме бойынша танысуға болады: https://fb.watch/94r7ZICRjz/. 2 021 жылғы 2 желтоқсанда тікелей эфирде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары Абзал Зейнетаев сөз сөйлейді. Ол су тарту құрылыстары мен кәріз жүйелеріне қатысты сұрақтарға жауап береді. Сіз өз сұрақтарыңызды кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жібере аласыз.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты