Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.11.2021
«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС «ПАРЫЗ» БАЙҚАУЫНЫҢ НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНДІ
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС "Экологияға қосқан үлесі үшін"номинациясында жеңімпаз атанды. Кәсіпорын Экологияға оң әсер ететін технологияларды тұрақты негізде енгізеді. Биогаз қондырғысын қолданудың өзі экологиялық ортаға жүктемені едәуір төмендетуге мүмкіндік берді. Жыл сайын кәсіпорын нысандарында мыңдаған көшет отырғызылады, түрлі акциялар өткізіледі: Қарасу өзенін тазарту, "Жер сағаты", апта сайынғы сенбіліктер. Жеңімпаздарға марапаттарды қала әкімі Мұрат Әйтенов табыс етті. Кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман ұжымды осы тамаша номинациямен құттықтады.
Сонымен қатар, "Шымкент қаласының Кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы құрамындағы Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы құрамындағы "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерін марапаттауымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты