Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.11.2021
ӘЛСІЗ ҚЫСЫММЕН КҮРЕС
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС пайдалану қызметтерінің басым міндеттерінің бірі – судың әлсіз қысымымен күрес. Мұндай фактілер бойынша келіп түскен өтініштерге тұрақты талдау жүргізіледі, қорытындылар жасалады және тиісті шаралар қабылданады. Қаланың тарату желілерінде қысым датчиктері орнатылған, орталық диспетчерлік қызметтің инженерлері желілердегі қысым жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, бәрі де сумен жабдықтау ұйымына байланысты емес. Көп қабатты секторда, көптеген үйлерде ішкі желілер жаңартуды қажет етеді.
"Жүргізілген талдау нәтижесінде өтінімдердің 60%-ы әлсіз қысым бойынша тұтынушылардың желілеріне жататыны анықталды. Бұл коммуникацияларды жарамды күйде ұстау және уақтылы қызмет көрсету қажет. Біздің тарапымыздан, кейбір жағдайларда, желілерді қайта құру, авариялық жағдайларды жою, жаңа жабдықты орнату және су беруді толық өшіруді немесе әлсіз қысымды талап ететін басқа да жұмыстар жүргізіледі, біз мұндай жағдайлар туралы ескертуге тырысамыз. Әлсіз қысымды жою бойынша жұмыс біздің басты міндеттеріміздің бірі, сондықтан осындай проблема туындаған жағдайда, біздің диспетчерлік қызметімізге хабарласыңыз", - деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов.
Сонымен қатар, маман үйлер мен пәтерлерде су жылыту жабдықтарына уақтылы техникалық қызмет көрсетуді, сүзгілерді уақтылы ауыстыруды және араластырғыштарды тазартуды ұсынды. Техникалық қызмет көрсетудің болмауы, қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Проблемалар туындаған жағдайда, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне мына телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 321-274, +77081102121 (whatsapp). Әлеуметтік желілер арқылы кәсіпорынның Facebook және Instagram аккаунттарына немесе whatsapp арқылы өтініш беруге болады: +77057581111.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты