Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 10.11.2021
ӘЛЕМ ҚАЛАЛАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛАДЫ
Мехико, Богота, Жаңа Орлеан, Газиантеп, Барселона және әлемнің басқа да ірі елді мекендерінің мэрлері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сәулетшілер мен белсенділер қалалардың болашағын талқылау үшін климат конференциясында кездесті. Мэрлер Глазгоға жиналды. Форумға қатысушылар, оның ішінде әлемнің 18 қаласының мэрлері БҰҰ Бас хатшысының пандемиядан кейін қалпына келтіру кезеңін экологиялық таза шаруашылық жүргізу әдістеріне көшу үшін пайдалану туралы үндеуіне жауап берді. БҰҰ басшысы Антонио Гутерриш жиналғандарға берген бейне хабарламасында қалалар, олардың көлеміне қарамастан, «Сovid–19» таралуының эпицентріне айналды, сонымен қатар, қала тұрғындары үшін ерекше қауіп төндіретін Климаттық дағдарыстың алдыңғы шебіне айналды, деп еске салды. Ғасырдың ортасына қарай 1,6 миллиардтан астам қала тұрғындары жазда ауаның орташа температурасы 35 градус болатын жағдайда өмір сүруге мәжбүр болуы мүмкін. Жағалаудағы қалаларда 800 мың адам теңіз деңгейінің көтерілу қаупіне тап болады.
барлық дауыс: 5224
дауыс мұрағаты