Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.11.2021
СУ ЖИНАУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де қызметкерлердің денсаулығына жауапкершілікпен қарайды. Жыл сайын барлық бөлімшелердің қызметкерлері медициналық тексеруден өтеді. Қазір коронавирустық пандемия кезінде бұл өте өзекті тақырып.
Шымкентті бірнеше су жинау құрылыстары сумен қамтамасыз етеді. Олардың үздіксіз жұмысын ондаған жұмыскерлер: инженерлер, диспетчерлер, слесарлар және басқа мамандар да қамтамасыз етеді. Әрқайсысының өз медициналық кітапшасы бар.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша, су жинау құрылыстарының қызметкерлері (ауыз суды дайындауға қатысы бар), су құбыры желілеріне қызмет көрсететін персонал, өндірістік зертханалардың және жалпы кәріз және сумен жабдықтау объектілерінің қызметкерлері міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс", - деп хабарлады "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасының инженері Алтынай Бекқожаева.
Осы жылы кәсіпорын қызметкерлері үшін медициналық тексеру жүргізу тендерін "Аружан" клиникасы жеңіп алды. Қазіргі уақытта дәрігерлер жалпы медициналық тексеру жүргізуде. Міндетті түрде флюорографиялық кабинеттен өту қажет, сондықтан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басқармасына мамандандырылған автокөлік келді.
Желтоқсан айында басқа бөлімшелердің қызметкерлеріне ауқымды медициналық тексеру жүргізу жоспарлануда.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты