Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.11.2021
ШЫМКЕНТ СУ ТАРАТҚЫШТАРЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР
Назар аударыңыз! Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жол
айрығының пайдалануға берілуіне байланысты."Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС қызметкерлері магистралдық су таратқыштарда жоспарлы жұмыстар жүргізетін
болады. Осыған байланысты, 2021
жылғы 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде
22:00-ден 7:00-ге дейін (болжамды уақыт) ауыз су беру тоқтатылады.
Қалалықтардан алдын-ала су қорын жасап, сабырлық сақтауды сұраймыз.
Сумен жабдықтаудан ажыратылатын шағын аудандар: "Север", 17-ші,
"Шапағат", 18-ші, "Наурыз", жоғарғы және төменгі
"Отырар", ІІМ мектебінің ауданы, "Сайрам", Кіші "Самал"
. Көшелер: Сухэбатор, Ерімбетов және Адырбеков (Верещагин көшесіне дейін),
Диваев (аудандағы биіктік секторы), Дулати (Орманов көшесіне дейін),
Шаймерденов және Құрманғазы (Жандосовқа дейін), Қонаев даңғылы (Жандосов
көшесіне дейін), Байтұрсынов (№84; 84А; 86; 86а; 92; 94 үйлер, Кардиология және
онкологиялық орталық) және Рысқұлов көшесінің бойындағы Байтұрсыновтан
Өтегеновке дейінгі жеке құрылыстар.
Диспетчерлік қызметтің телефоны: 8(7252) 32-12-74; +77081102121.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты