Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 15.11.2021
АТАМЕКЕНДЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі Атамекен елді мекенінде ауыз су мәселесі өзекті болып келген. Бұл мәселе биыл шешімін табатын болады. Атамекен елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «ТВИК» ЖШС тарапынан ұзындығы 5,374 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту құрылыс жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда елді мекенде табиғи газ және жол құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, яғни жыл соңына дейін 2230-дан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Сарыағаш ауданында 71 елді мекен, 192 500 тұрғын оның ішінде: 2020 жылдың соңына 40 елді мекен (халық саны 130 422) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған, елді мекен санына шаққанда 56,3 пайызын құрайды.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты