русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 16.11.2021

ҚАЗАҚСТАНДА СУҒА ТАРИФТІК САЯСАТ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Ұлттық экономика министрлігіне сумен жабдықтауға арналған тарифтік саясатты жетілдіру мәселелерін пысықтауды тапсырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша, ел өңірлерінде суға қол жеткізу деңгейі әр түрлі болып қалуда. Үш өңірде жоғары көрсеткіштер бар: Атырау (98,5%), Алматы (98,3) және Қызылорда (97,6%) облыстарында. Ауыл халқының ауыз суға қол жеткізуінің ең төмен деңгейі төрт өңірде байқалады: Қостанай (64,7%), Шығыс Қазақстан (81,4%), Солтүстік Қазақстан (82,1%) және Жамбыл (82,2%) облыстарында.
Асқар Мамин тарифтік саясатты Инвестициялық, оның ішінде су пайдаланудың цифрлық технологияларын енгізу үшін шығындар қажеттілігін ескере отырып қайта қарайтынын нақтылады. Айта кетейік, еліміздегі 6 316 ауылдың тек 3 991-і ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 403 ауылда блок-модульдер орнатылған. 1 922 ауылда сумен жабдықтау жоқ. Мемлекеттік органдар 793 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысын салуды жоспарлап отыр (биыл — 148). 200-ден аз адам тұратын, саны аз қалған ауылдарда (1 129 ауыл) кешенді блок-модульдер орнатылады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары