Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.11.2021
ДЕРБЕС ШОТТЫ ҚАЛАЙ АШУҒА БОЛАДЫ?
Жаңа шағын аудандардың іске қосылуымен Шымкентте халық саны көбейіп, орталық сумен жабдықтау мен кәрізге қол жеткізуде. Көптеген жаңа тұтынушыларда жеке шотты қалай ашуға болады деген сұрақтар туындайды.
Жеке Дербес шотын алу және "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен шарт жасасу үшін, жаңа тұтынушы өзінің тұратын ауданына қызмет көрсететін дилерлік учаскеге жүгінуі қажет. Тұтынушы: жер учаскесінің актісін (жеке меншік үй иелері үшін), egov.kz порталынан меншік құқығы жөніндегі көшірмені және жеке куәлікті ұсынуы қажет.
Мысалы, жақын арада сумен жабдықтауға қосылатын Ынтымақ-2 кентіне Тұрлан экспедициясы (Жаңатұрлан) кентінде орналасқан дилерлік учаске қызмет көрсетеді. Басшының телефоны: +7 702 770 4433. Ал Тұран-2 шағынауданына Әлімбетов көшесі № 191 орналасқан учаске қызмет көрсетеді, басшының телефоны: +7 701 741 7959.
Жаңа су құбыры және кәріз желілерін тарту бойынша жұмыстарды мердігерлік ұйымдар бюджет қаражатына орындайды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін, бұл жүйелер ауыз суды тасымалдауға және сарқынды суларды бұруға (сондай-ақ желілерді пайдалануға және жөндеуге) жауап беретін "Су құбыры және кәріз басқармасы" МКК балансына алынады. Жалпы, бұл кәсіпорын Шымкентте мемлекет есебінен салынған желілердің жағдайына жауап береді. Тазарту құрылыстары кешенінде ауыз суды өткізу және бөлінген сарқынды суларды қайта өңдеу "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қарауында.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты