Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 17.11.2021
БІРДЕН ҮШ СУ ҚАБЫЛДАҒЫШ
Шымкентте 3 магистралды су қабылдағыштың құрылысы аяқталды. Магистральдық құбырларға тексеру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, 100 мыңнан астам шымкенттіктер сапалы суға қол жеткізе aлады.
Қазір бұл нысандарда құбырларды жуу және жалпы тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ұзындығы 4,48 км су қабылдағыштың құрылысын "Сарыағаш-Аман" ЖШС 2020 жылдың мамыр айында бастады және 100% - ға аяқтады. Ұзындығы 9,37 км магистральды су тартқыштың құрылысы да өткен жылдың шілде айында басталды, жұмыстар толық аяқталды. 2021 жылдың мамыр айында 10,61 шақырым магистральды су құбырының құрылысы басталып, мұнда да жұмыстар толық аяқталды.
Енді біртіндеп "Асар-2", "Достық", "Северная дача", "Ынтымақ", "Ынтымақ-2", "Западный", "Қызылжар", "Игілік", "Жаңаталап", "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" және "Көкбұлақ" аудандарына таза ауыз су беріле бастайды.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты