Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.11.2021
ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
Шымкент қаласынан және облыстан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін турнирге 6 волейбол командасы қатысты. Жарысты ұйымдастырушы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС, сонымен қатар кәсіпорын өзінің волейбол жасағын құрды.
Қатысушылардың орташа жасы – елу жас. Әйтсе де спорт ардагерлерінің қозғалысы әлі де жеңіл және еркін. Ақ самай мен егде жас волейболшыларға жоғары дәрәжелі ойынды көрсетуге кедергі болмады. Екі топ құрылды, финалға ең көп жеңіске жеткен командалар өтті.
"Су арнасы" командасы "Сайрам" және "Денсаулық-83" командаларымен кездесті, екі жағдайда да су арналары табанды күресте алғашқы екі сетте де жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды. Финалда олар Қызылжар бөлімшесінің "Коммунизм" атты мықты командамен кездесті. Бұл кездесудің де қорытындысы "Су арнасы" жеңісі болды.
"Бүгін біз турнир ұйымдастырдық, Түркістан облысының Сайрам қаласынан командалар келді. Жарыс шарты бойынша, қатысушылардың жасы 50 жастан жоғары болуы тиіс. Жігіттер үлкен ықыласпен ойнады, барлығы жеңіске жетуге ұмтылды, сондықтан турнир өте мазмұнды және қызықты өтті. Барлық жерлестерімізді спортпен шұғылдануға, футбол немесе волейбол ойнамаса да, жаяу серуендесеңіз де денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі. Барлық жерлестерімізге зор денсаулық пен табыс тілеймін!",- деді шымкенттіктерге "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман.
Айта кететін жайт, Анарбек Оңғарұлы команда құрамынының барлық үш матчында ойнап, тамаша дайындық көрсетті. Турнирдің тағы бір жағымды сәті қарым-қатынас болды. Волейболшылардың барлығы дерлік көптеген жылдар бойы бір-бірін біледі, сондықтан атмосфера өте жылы болды. Ал жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен жүлделерге ие болды.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты