Жаңалық - Микс
новость от 23.11.2021
РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС БҮГІН ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ
Бүгін Шымкентте автокөлік жүргізушілері үшін көптен күткен оқиға жоспарланып отыр. Сағат 16: 30-да қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қатысуымен Қонаев-Рысқұлов көлік айрығы толығымен іске қосылады.
Енді Байтұрсынов, Қонаев, Дулати көшелері жағынан 18 ш/а, солтүстік аудандарына қарай автокөліктердің қозғалысы Рысқұлов көшесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл параллель көшелерді жеңілдетуге және жолдардағы кептелістер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы да жүріп жатыр. Ол кейінірек тапсырылады.
Д.Қонаев даңғылындағы жол қиылысының жалпы ұзындығы — 1 030 м, ал Т. Рысқұлов көшесіндегі жол қиылысының жалпы ұзындығы - 684,7 м, жолдың ені - 45 метр. Қалаға ауқымды жобаның құрылысы 7 млрд теңгені құрады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты