Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 23.11.2021
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ АУА-РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СУСЫЗ ҚАЛДЫ
Қарағанды облысында қатты жел облыс орталығының 2 ірі ауданын – Пришахтинск және Сортировканы, сондай-ақ Теміртау қаласын сусыз қалдырды. Электр беру желісінің үзілуіне байланысты сорғы станциясы ажыратылды. Сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығы қала орталығындағы магистральдық су құбырында жарылыс тудырды. Нәтижесінде, Қарағанды және Ақтас кентінің бірнеше көшелерінің тұрғындары сусыз қалды. Қазіргі уақытта, елді мекендерде электрмен және сумен жабдықтау қалпына келтірілді.








