Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.11.2021
ҮЗДІКТЕРДІ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СЫЙЛЫҚАҚЫ БЕРУ
Шымкент қаласына қызмет көрсететін 10 дилерлік учаскеде 150-ге жуық инспектор-бақылаушы жұмыс істейді. Олардың міндеттеріне көрсеткіштерді алу және оларды кәсіпорын базасына беру ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу де кіреді. Бұл әсіресе виртуалды көмекшіні (чат-бот) енгізуге қатысты. Тағы бір маңызды бағыт - кәсіпорынның абоненттік базасын түгендеу аясында сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне шарттар жасасу. Бұл жұмыстың барлығы мұқият талданады, қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарынан және психологиялық дайындықтан өтеді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де инспектор-бақылаушылар арасында кезекті байқау өтті. Арнайы комиссия бірнеше көрсеткіштер бойынша олардың үздіктерін іріктеп алды.
Жеңімпаз инспектор-бақылаушылар ақшалай сыйлықтармен және арнайы сертификаттармен марапатталады. Дилерлік учаскелердің үздік қызметкерлерін іріктеу ай сайын жүргізіледі.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты